KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
441.8 480.02 4.88

Өскеменде гендерлік заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды

17.05.2013, 18:00 111


«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» ҚР Заңы күшіне енгелі аттай үш жыл өткен екен. Не өзгерді?

Заң баптарына сәйкес, жергілікті билік гендерлік теңдік мәселелері бойынша өңірлік бағдарлама әзірлеп, оны жүзеге асыруы керек. Бірақ бұл міндеттің бюджеттік заңнама тұрғысында негіздемесі жоқ. Сондай-ақ, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың Ұлттың іс-шаралар жоспарында да гендерлік теңдік туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігі атап өтілген.

Осы мәселелердің бәрі Өскеменде 17-мамырда өткен «Гендерлік саясат мәселесі бойынша және жергілікті шығындарды жоспарлауда әйелдердің қатысуы» атты дөңгелек үстел отырысында талқыланды.

Жергілікті «Статус» әйелдер федерациясы ұйымдастырған отырысқа ҚР президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Фридрих Эберт қоры демеушілік етті.

Отырыс барысында гендерлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, гендерлік заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив