KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Бесқарағайлықтар Александр Белоусовқа арналған ескерткіш тақта орнатты (+сурет)

13.05.2013, 18:00 206


Бесқарағай ауданы Канонерка ауылында осы жердің тумасы, Ұлы Отан соғысында Николай Гастеллоның ерлігін қайталаған Александр Белоусовқа арналған ескерткіш тақтасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бесқарағайлықтар Александр Белоусовқа арналған ескерткіш  тақта орнатты (+сурет)Салтанатты жиында Бесқарағай ауданының әкімі Қ.Б. Байғонысов жиналған қауымды Жеңіс күнімен құттықтап, ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды.

Бесқарағайлықтар Александр Белоусовқа арналған ескерткіш  тақта орнатты (+сурет)Александр Белоусовтың туысқандары В.Я.Чемучкин (90 жастағы еңбек сіңген зейнеткер), Н.Г.Матыцин (бұрыңғы Семей құрылыс техникумының директоры), А.Е.Белоусов (BULD TRADE Азия ЖШС-ның құрылыстайшысы) алғыс сезімдерін білдірді. Одан кейін құттықтау сөз алған Н.И.Фрайндт ауылдастарына батырлардың ерлігін ұмытпай, оларға тағзым еткендері үшін алғысын айтты.

Бесқарағайлықтар Александр Белоусовқа арналған ескерткіш  тақта орнатты (+сурет)Салтанатты жиын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүлшоғын қоюмен жалғасты.

Митинг соңында мектеп оқушыларының күшімен мерекелік концерт қойылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив