Шығыс Қазақстанда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін ата-аналардың сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында «Дені сау отбасы – сау қоғам» атты ата-аналар қауымдастығының бірінші облыстық форумы өкізіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Форум жұмысына облыстағы колледждер мен мектептердегі ата-аналар комитетінің өкілдері, ардагер педогогтар және педогогика мамандары, жергілікті атқарушы орган мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылған.
Ұйымдастырушылардың айтысына қарғанда, форум жасөспірімдер мен бала тәриесі үшін ата-аналар жауапкершілігін арттыруға жәрдемдеседі, ата-аналардың психологиялық -педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Сонымен қатар ата-аналар мен бала тәрбиесімен айналысатын басқа да жандардың тең дәрежеде әңгіме-дүкен құруына мүмкіндік жасалады.