KZ
Өскемен
+5°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, СБ
489.36 533.45 4.99

Шығыс Қазақстан облысында өндірістік жарақат көрсеткіші азамаймай тұр

21.04.2013, 18:00 140


Жұмыс орындарында болатын оқыс жағдайлардың жиілігі мен зардап шеккендер саны жағынан Шығыс Қазақстан облысы Қарағандыдан кейін республикада екінші орында тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық прокуратура мамандары мәлім етті.

2012 жылы аймағымызда 281 өндірістік жарақат алу оқиғасы тіркелген. Мұның 25-і адам өліміне әкеліп соқтырса, 83-і ауыр жарақат алуға себеп болған.

Мамандардың айтуынша, оқыс жағдайлардың орын алуына негізінен өндіріс басшылығы мен жұмыскерлердің еңбекті қорғау бойынша міндеттер-ді орындамауы, өндірістік және жұмыс тәртібін бұзуы, оқытудың жеткіліксіздігі, қондырғылардың ескіруі және басқа жайттар әсер еткен.

Қадағалаушы орган өкілдерінің тексеру нәтижесінде 13 заң бұзушылық жағдайын жоюға ұсыныс жасалса, әкімшілік жауапкершілікке 3 тұлға тартылған. 7 оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив