KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 4 м/с, ОБ
441.66 475.14 4.86

Өскемен қаласында шайбалы хоккейден Евгений Паладьевті еске алуға арналған турнир басталды

29.03.2013, 18:00 148


Шығыс Қазақстан облысында Әлемнің үш дүркін және Еуропа чемпионы, КСРО еңбегі сіңген спорт шебері Евгений Паладьевті еске алуға арналған шайбалы хоккейден облыстық турнир басталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Турнирдің ашылу салтанатына атақты хоккейшінің курстары қатысты.

Бұл облыстық турнир әуесқой командалар арасында алғаш рет өтіп отыр. Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан барлығы 11 команда қатысуда.

Турнир екі күнге созылады. Ойындар Өскемен қаласындағы хоккей модульдерінде өтіп жатыр.

Алғашқы матч Өскемен қаласының «МЧС ХК» командасы мен Семейдің «Локомотив» командасы арасында өтті. Жарыс Өскемен командасының жеңісімен аяқталды.

Дулат Әсембаев

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив