KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Кеңес футболының мұрагерлері керемет ойын көрсете ала ма?

27.04.2012, 18:00 247


Бұл жолғы әңгімеміз Польша мен Украинада өтетін футболдан ХІV Еуропа чемпионатына қатысушы командалар қатарында ортаңқол ойын өрнегімен белгілі «А» тобының соңғы өкілі – Ресей құрамасы жайында болмақ.

Орыс футболының тарихы со-нау 1912 жылдан басталғанымен, бұл елдің құрамасы өзінің ха-лықаралық деңгейдегі ірі жеңісіне алғаш рет 1952 жылы Хельсинки Олимпиадасында қол жеткізді. Бұл дүбірлі додада орыстар күмістен алқа тағынса, араға төрт жыл салып Мельбурн Олимпиадасында алтын жүлдені қанжығаларына байлады. Осыдан кейін-ақ КСРО футболы-ның беделі біртіндеп биіктей бер-
ді. Әлемдегі азулы командалардың өзі олармен санасатын жағдайға жетті. Кеңес Одағының құрамасы 1958, 1962, 1970 жылдардағы әлем чемпионаттарында ширек финалға дейін жетіп жығылса, 1966 жылғы біріншілікте жартылай финалда ойнады. Бірақ сәттілік жетіспей, төртінші орынды қанағат тұтты.
Одан кейін 1960 жылы Франция жеріндегі доп додасында бұрынғы одақтас мемлекеттер ойыншыларынан жасақталған құраманың бағы жанды. Жартылай финалда Чехословакияны 3:0 есебімен жеңген олар ақтық сында Югославиядан басым түсіп, чемпионаттың бас бәйгесін иеленді. Жалпы, бұл кездесудің бірінші таймында басымдық балқандық спортшылар жағында болды. Дегенмен сол кездегі мықты қақпашылардың қатарынан саналатын Лев Яшиннің шеберлігі оларға тек ойынның 41-ші минутында ғана есеп ашуға мүмкіндік берген. Үзiлiс кезiнде бас бапкер Гавриил Качалин өз шәкірттеріне керекті ақыл-кеңесін беріп, жігіттердің намысын жани білуінің арқасында екінші таймның 49-шы минутында Валентин Бубукин мен Слава Метревели екеулеп жүріп, есепті теңестіре алды. Кездесудің негізгі уақытында бірін-бірі жеңе алмаған қос қарсылас чемпионды қосымша уақыттағы «шайқаста» анықтады. Қосымша жартысағаттықта КСРО құрамасының ойыншысы Михаил Месхидің добын орталық шабуылшы Понедельник баспен қақпаға тура бағыттады. Есеп – 2:1. Сөйтіп, Кеңес Одағының футболшылары Еуропа чемпионатында тұңғыш рет топ жарды.
Еуропа чемпионаттарына қа-тысқан КСРО құрамасы 1964 және 1972 жылдары күміс жүлде иеленсе, 1968 жылы үздік төрттіктен көрінді. Айта кету керек, қатарынан 4 рет таңдаулы төрттіктің санатынан табылу – әлі күнге дейін аталмыш чемпионатта ешкім қайталай алмаған табыс.
Дегенмен олар кейінгі үш бір-дей Еуропа чемпионатында оңбай сүрінді. Алдымен 1976 жылы ши-рек финалда Чехословакияға жол берсе, 1980 жылы іріктеу турни-рінде Грекия, Венгрия және Финляндияны алға жіберіп, өз тобында ең соңында қалды. 1984 жылғы құрлық біріншілігінің финалдық сынына шыға алмай, тілеулестерін жерге қаратты. Тек «Еуро–1988» додасында ғана кеңес құрама-сы керемет ойын көрсетіп, күміс жүлдені еншіледі. Бұл жылдары КСРО-да Киевтің «Динамосының» дәурені жүріп тұрған еді. Сон-дықтан күміс жүлдені иеленген 20 футболшының 13-і украин (оның 11-і – киевтік динамошы), қалғандарының үшеуі ресейлік, екеуі беларусь, біреуі грузин және біреуі литвалық. Сондықтан 1988 жылғы КСРО құрамасының табысында Украинаның еншісі зор де-ген дұрыстау.
1992 жылғы Еуропа чемпионатына КСРО емес, ТМД құрамасы қатысты. Бірақ мұнда да жартылай финалға шыға алмады. Осы жылдың тамыз айында ФИФА мен УЕФА Ресей футбол одағын КСРО футбол федерациясының заң-ды мұрагері санап, 1994 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне қатысуға мүмкіндік берді. Алайда осы бәсекенің іріктеу ойындарынан сүрінбей өткен орыстар финалдық турнирде жеңіліс тапты. Содан кейін Ресей құрамасы тек 2002 жылғы әлем біріншілігіне қатысты. Бұл жолы олар топтағы жалғыз әлсіз қарсылас – Туниске ғана шамасы жетіп, үш ұпаймен еліне оралды. Ресей футболына жабысқан сәтсіздік Еуропа чемпионаттарында да аяққа тұсау болды. 1996 және 2004 жылдары орыстар топтан шыға алмай, шаң қауып қалды. Сол сәтсіздік шырмауы тек 2008 жылы ғана тарқатылды. Австрия мен Швейцария жерінде өткен Еуропа чемпионатында бас бапкер Гус Хиддинк тәлімгерлері ширақ ойнап, жартылай финалға жолдама алды. Бірақ онда бұлар бола-шақ құрлық чемпиондары Испа-ния құрамасынан ойсырай ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтты. Бұл –
Ресей құрамасының жаңа тари-хындағы елеулі табысы еді.
Бүгінде голландиялық маман Дик Адвокаттан тәлім алатын Ресей құрама командасының ойыншылары Польша мен Украинада жанкүйерлерін қуантуға үмітті. Жарақатынан айыққан ЦСКА қақпа-шысы Игорь Акинфеевтен бастап қорғаушылар Сергей Игнашевич, ағайынды Василий және Алексей Березуцкийлер білектерін түріп, дайын отыр. Оған қоса ағылшын жерінде доп тепкен Андрей Аршавин мен талантты жартылай қор-ғаушы Алан Дзагоевтың да айтар сөздері бар. Сондай-ақ орталық шабуылшылар Александр Кержаков, Роман Павлюченко және Павел Погребняк «не бел кетеді, не
бедел кетеді» деген ұстанымда. Алайда қазіргі көрсетіп жүрген ала-құла ойындарына қарап орыс-тардың опырып тастайтындығына сене қою қиын...

Қысқаша мағлұмат


Ресей футбол федерациясы 1912 жылы құрылған. ФИФА-ға 1912 жылдан, УЕФА-ға 1954 жылдан бері мүше.
КСРО кезіндегі көрсеткіштерді қоссақ, 9 әлем чемпионатының (1958, 1962, 1966, 1970, 1982, 1986, 1990, 1994, 2002), 9 Еуропа біріншілігінің (1960, 1964, 1968, 1972, 1988, 1992, 1996, 2004, 2008) финалдық турниріне қатысқан. 1960 жылғы Еуропа чемпионы, 3 рет күміс жүлдеге (1964, 1972, 1988), 1 рет қола жүлдеге (2008) ие болған. 1 рет 4-орынға табан тіреген (1968). 1966 жылғы әлем чемпионатында да 4-орын алған.

Даңқты футболшылары


Лев Яшин. 1929 жылы 22-қазанда Мәскеуде туған. Футбол тарихы мен статистикасы халық-аралық федерациясының, «World Soccer», «France Football» және «Placar» дәрежесі бойынша XX ға-сырдағы әлемнің үздік қақпашысы. Олимпиада чемпионы (1956 ж.), Еуропа чемпионатының алтын (1960 ж.) және күміс (1964 ж.) жүлдегері, КСРО-ның бес дүркін чемпионы және КСРО-ға еңбегі сіңірген спорт шебері. КСРО құрамасында 78 ойын өткізіп, өз қақпасына тек 70




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив