Шығыс Қазақстан облысында 31-наурыз күні жауын жауады. Кейбір жерлерде соңы қалың нөсерге айналып, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Бұл жөнінде облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан баспасөз парағында айтылған.
1-сәуірде жаңбырдың соңы қарға айналады. 1-2-сәуірде солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің күші 25 м/с. жетеді. 1-2-сәуірде түнде ауа температурасы -5-10 градусқа, кей жерлерде 13-18 градусқа дейін төмендейді.
Облыстық ТЖД тұрғындардан қала сыртына шыққанда сақ болуды сұрайды.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz