KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 7 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Семей қаласында бала серілер шықты жарысқа (+сурет)

26.03.2013, 18:00 143


Семей қаласында жетінші сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен ұлттық салт-дәстүрлердің ең үздік білгірі анықталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Бала сері-2013» байқауын ұйымдастырған «Жас жұлдыз» балалар орталығы. Орталықтың бұқаралық бөлімі меңгерушісі Людмила Эйникенің айтуынша, конкурстың мақсаты балаларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау, ана тіліне және қазақ халқының салт-дәстүріне деген құрметті қалыптастыру болып табылады.

Семей қаласында бала серілер  шықты жарысқа (+сурет)Семей қаласында бала серілер  шықты жарысқа (+сурет)

Байқауға қатысушылардың өнерлерін бағалаған қазылар алқасында «Жігіт сұлтаны» қалалық байқауының және «21 ғасыр сұлтаны» конкурсының жеңімпазы Нұржанов Қуаныш , Семей қалалық «Жас отан» жастар қанатының хатшысы Балтабеков Еркебұлан, «Жас жұлдыз» балалар орталығының директоры Қожебекова Сәуле Құсайынқызы болды.

Байқау төрт турдан тұрды. Алғашқы турда қатысушылар өздерін таныстырса, «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде шығармашылық қабілеттерін паш етті. «Күш атасын танымас» бөлімінде жас өспірімдер «асық ату» және «иық қағыстыру» ұлттық ойындарында өз күштерін саралады. Ал соңғы «Білімді мыңды жығар» бөлімінде оқушылар спорт, ел рәміздері және белгілі семейлік тұлғаларға қатысты сұрақтарға жауап берді.
Байқаудың барлық кезеңінен сүрінбей өткен №17 орта мекетебінің оқушысы Асыр Манатбеков жеңімпаз атанды.

Жарысқа қатысушылардың барлығы да әр аталым бойынша дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Флора ЛЕВИНА
Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив