KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Наурыз мерекесінде өзіне жаңа көлік сыйламақ болған

26.03.2013, 18:00 131


Өскемен қаласында халық Наурыз мерекесін тойлап жатқанда техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінің жұмысшысы жөндеуде тұрған көлікті ұрлап кеткен , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің полиция қызметкерлерінің айтуынша, «Тойоты Марк 2» көлігінің жүргізушісі жол сақшыларының белгісіне тоқтамай, жылдамдықты үдетіп, жасырынуға тырысқан. Жол полицейлерінің қуғынынан құтыла алмаған бейбақ жүргізуші Потанин көшесіндегі «қауіпсіздік аралына» тоқтайды. Сол жерде рөлде отырған 27 жастағы жігіттің арам пиғылы әшкереленеді.

«Біреу тойға айналғанда, біреу қойға айналады» демекші, техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде бояушы болып істейтін жігіт көлікті басқа орталықта жөндеуде тұрған жерінен айдап әкеткені белгілі болды.

Қазір осы оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив