KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Аукцион арқылы жерді қалай сатып алады?

25.03.2013, 18:00 197


– Нарықтық экономиканың заңды құбылыстарының бірі – жер сауда-саттығы екенін білеміз. Осы орайда, конкурстар мен аукциондар арқылы жерді сатып алудың анық-қанығын білгім келеді.

Ренат Төлеубердиев
Таврия ауылы,
Ұлан ауданы.

Сауалға облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Қонысбай Төлеубеков жауап береді:
– Бүгінгі күні нарықтық экономиканың заңды құбылыстарының бірі – жер сауда-саттығы (конкурстар мен аукциондар) болып табылады. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі, яғни, сатылмаған, пайда-лануға берілмеген, бос жерлер сауда-саттықтар (конкурстар мен аукциондар) арқылы беріледі. Алайда, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық жұмыс, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшiн, инвестициялық стратегиялық жобаларды iске асыру, кондоминиум нысанын пайдалану және ұстау, жайылымдық және шабындық, сондай-ақ, халықтың бақша өсiру сияқты мұқтажын қанағаттандыру, жер қойнауын пайдалану үшiн және аталмыш баптың 1-тармағында көрсетілген тағы да басқа мақсаттар бойынша жерді сауда-саттықсыз, жер комиссиясының шешімі-нің негізінде алуға болады.

Жер сауда-саттығын (конкурстарды, аукциондарды) өткiзу және ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы №1140 қаулысы-мен реттеледі.

Жер сауда-саттығы – жер алушы азаматтарға да, мемлекетімізге де тиімді тәсіл. Сауда-саттық мазмұнына қарай екі түрге бөлінеді. Олар: аукцион және конкурс. Аукцион – сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы ашық бәсекелестiктi қамта-масыз ететiн жеке және заңды тұлғаларға жер телімін немесе жер телімін жалдау құқығын сатуға бағытталған сауда-саттықты өткiзу тәсiлi. Ал конкурс бойынша сатып алынатын жер телімін пайдаланудың неғұрлым қолайлы жағдайларын ұсынған жеке және заңды тұлғаларға жер телімін немесе жер телімін жалдау құқығын бес жылға дейiн бөлiп, төлеп сатуға бағытталған сауда-саттық өткiзіледі.


Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив