Жаңа тыныс: Өскеменде белсенді әрі бастамашыл жастарға орталық ашылмақ
Өскеменде Тәуелсіздік күні қарсаңында жастарға арналған жаңа орталық ашылмақ. Бұл туралы шаһар басшысы Жақсылық Омар өзінің ресми парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қала әкімі берген ақпарат бойынша, жаңа нысан жастар игілігіне желтоқсан айының басында Тәуелсіздік күні қарсаңында қолданысқа берілмек.
Ресми дереккөздерге сенсек, жоба бойынша орталық екі сектордан тұрады. Бірінші ғимаратта мемлекеттік жастар саясатын жүргізетін мамандар орналасса, екінші корпус комьюнити орталық болады. Бұл жер қаламыздың шығармашылық жастарына арналған.
Айта кетейік, жаңа нысан Жібек жолы көшесінің бойында ашылады. Жобаның жалпы құны 47 миллион теңге. Бұрын бұл ғимаратта “Жолаушыларды басқару орталығы” орналасқан болатын, қазір ол мекеме ортақ жұмысты ұйымдастыру тиімділігі үшін трамвай паркіне көшірілген.
Балауса Қожаева