KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Өскеменге кеншілер қаласынан дәм келді

19.10.2024, 13:05 193 Назерке Каримова

Бүгін Өскемендегі «Алтай» көтерме тарату орталығының алаңында Риддер қаласының  жәрмеңкесі өтті.

Дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдері арзан бағада саудаланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы ірі инвестициялық жоба саналатын «Алтай» көтерме тарату орталығында жәрмеңке өнімдерін саудалау үшін 73 орын қарастырылған. Бүгінде Риддер қаласы 27 орында өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынды. Оның ішінде 15-і – нақты ауылшаруашылығы өнімін сататын кәсіпкерлер.

-Бүгін біз облыс орталығының тұрғындарына 5 тонна картоп, бір тонна сәбіз бен қызылша алып келдік. Бұдан бөлек, сатылымда ет өнімдері де бар. Азық-түлік өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен, - дейді Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Әсел Жұмабаева.


Сауда саттықтан бөлек, мәдени спорттық шаралар да өтті. Тұрғындар үшін Риддер қаласының шығармашылық топтары өнер көрсетті. Салауатты өмір салтын ұстанушылар үшін қолкүрес, гір тасын көтеру, арқан тарту сынды спорттық ойындар ұйымдастырылды.

 -Жұбайыммен арнайы жәрмеңке үшін келдік. Ет және сүт өнімдерін алдық. Баға тиімді екенін атап кету керек. Сенбілік жәрмеңкелерден қалмауға тырысамыз, өйткені таңдау көп, табиғи өнім, - дейді тұрғын Ербол Қамбаев.


Аталмыш жәрмеңкелер апта сайын «Алтай» көтерме тарату орталығы аумағында ұйымдастырылып келеді.

Балауса Қожаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу