Қазақстан ғалымдары спортшыларға арналған бірегей қоспа жасап шығарды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен
Мамандандырылған емдік-профилактикалық тамақтану өнімдері спортшылар мен зиянды және ерекше зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға арналған.
Өнімнің сынақ партиясы жақсы өндірістік тәжірибеге сәйкес салынған шағын зауытта шығарылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Жаңа тағамдық өнім жасушаларды зақымданудан қорғай отырып, тотығу стрессімен күресуге көмектеседі. Ол сондай-ақ жасқа байланысты аурулардың дамуын бәсеңдетуге және қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерімен күресуге көмектесіп кісінің физикалық және психикалық өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Адамның қажеттіліктеріне байланысты "Hormesis Oxy" жалпы атауымен үш өнім сериясы әзірленді: кәсіби спортшыларға, ересек жастағы адамдарға және спортпен тұрақты емес айналысатындарға арналған. Болашақта халықаралық нарыққа шығу арқылы өндіріс пен өнім түрлерін кеңейту жоспарлануда.
Серғазы Шыңғыс Nazarbayev University жанындағы National Laboratory Astana-да ғылыми қызметкер болып істейді. Мұнда жаңа дәрі-дәрмекті іздеу және зерттеу үшін арнайы құрылған зертханада ол дәрілік әсерге төзімді инфекцияларды емдеу үшін ағзаның жасушаларына антибиотиктерді жеткізудің мақсатты әдісін әзірлеуге қатысады.
Бұған дейін дамытушы ғалымның жетекшілігімен көп жылғы зерттеулерден кейін нарыққа Qaynar тағамдық қоспасы түскен болатын. Ол жүрек-қан тамыр ауруларының дамуы мен асқынуын болдырмайтын жүзім полифенолдарының концентраты негізінде жасалған. Бұл қоспа тұтынушылар арасында сұранысқа ие.
Жаңа шөптік дәрі-дәрмектің өндірісі ағымдағы жылдың желтоқсан айында толық қуатқа шығады, жылына 120 мың қаптама дайындау жоспарланған. Жоба жеке инвестициялармен және ҚР Ғылым қорының қолдауымен жүзеге асырылуда, ол құрал-жабдықтар мен зерттеулерді қаржыландырды.