KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Депутат алимент мөлшерін айқындау тетігін қайта қарауды ұсынды

18.10.2024, 18:00 164 Төлеуғазы Жансая

Балалардың өміріне тиісті жағдай жасау үшін алимент әрдайым жете бермейді. Сенатор Жанна Асанова осындай төлемдерді есептеу тәртібін қайта қарауды ұсынды. Сондықтан ол өзінің депутаттық сауалында осы саладағы проблеманы көтерді.

Сенатордың айтуынша, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексте алимент бір балаға ата-ана табысының төрттен бірін құрайтыны көрсетілген. Алимент төлейтін ата-ана көбінесе іс жүзінде ең төменгі жалақыны 85 мың теңге етіп көрсетіп, кірісін төмендетіп жүреді. Нәтижесінде бір балаға алимент небәрі 22 мың теңгені құрайды. 

«Біздің еліміздегі әрбір бала тек тамақ пен киім ғана емес, сонымен қатар білім алуға, медициналық қызмет пен басқа да әлеуметтік игіліктерге қол жеткізуді қамтитын лайықты өмір сүру деңгейіне құқылы. Алимент мөлшерін анықтаудың қолданыстағы тәртібі ескірді және баланың жас ерекшелігі де ескерілмейді. Бұл балалардың толыққанды дамуына қажет ресурсқа қол жеткізе алмауына әкеледі. Қазіргі кезде еліміздің заңнамасында алименттің ең төменгі мөлшері туралы түсінік жоқ, өйткені олар алимент төлеушінің кіріс мөлшеріне қарамастан үлестік қатынаста есептеледі. Мұның бәрі өндіріп алынатын алимент мөлшерін азайту мақсатында төлеушіге өзінің нақты табысын жасыруына алып келеді», - деді Жанна Асанова Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың атына жолдаған сауалында.

Бұдан бөлек, депутат сот арқылы алимент мөлшерін өзгерту немесе оларды белгіленген мөлшерде белгілеу мүмкіндігіне қарамастан, борышкердің нақты кірісін еңбек қатынастарының ерекшелігіне байланысты дәлелдеу қиын екенін тілге тиек етті.

«Отбасылық жағдай мен балалар саны және олардың нақты сұранысын ескере отырып, алименттің неғұрлым әділ мөлшерін белгілеу үшін неке-отбасы заңнамасының ережелерін қайта қарау мүмкіндігін қарастыруды сұраймын. Жасына және әлеуметтік факторларға байланысты балаларға негізгі қажет заттар мен сұранысына талдау жасау керек. Алиментті төмендетудің алдын алу үшін жұмыс берушілер мен өзін өзі жұмыспен қамтығандардың кірістерді жасыруын анықтау тетігін әзірлеу керек», - деді Жанна Асанова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу