KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
485.04 525.98 5.04

Астанада Рақымжан Қошқарбаев туралы фильмнің тұсаукесері өтті

Бүгін, 20:00 2 Ержан Әбіш

Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайында Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Туындының авторы – белгілі журналист және тележүргізуші, Қазақстан тарихы туралы көптеген танымал бағдарламалар мен деректі фильмдердің авторы Майя Бекбаева. Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орайластырылған фильмде батырдың өмірі мен қызметі туралы баяндайды. 

Майяның айтуынша, журналист ретінде Р. Қошқарбаевтың өмір жолын тереңірек зерттеуге қызығушылық туған.

– Фильм шынайы әрі кейіпкердің жеке басына деген үлкен құрметпен түсірілді. Біз оны Астанада түсірдік. Әртүрлі ғалымдардан сұхбат алдық. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істедік. Картина бүгінде 124 елдің көрермендері тамашалайтын Jibek Joly телеарнасы мен Silk Way халықаралық телеарнасының эфирінен көрсетіледі. Сондай-ақ, ол YouTube арнасына да орналастырылады, – деп нақтылады М. Бекбаева.

Тележүргізуші ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайына деректі картинаны дайындауға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

– Біз өз кейіпкерлерімізді белгілі даталарға назар аудара отырып таңдаймыз. Мәселен, биыл танымал тұлғалар туралы он фильм түсіруіміз керек. Рақымжан Қошқарбаевтан бөлек Александр Затаевич пен Мұхамеджан Тынышпаев туралы фильм түсіріледі. Сондай-ақ Бейімбет Майлинге, Санжар Асфендиаровқа және Шәмші Қалдаяқовқа арналған картиналар да жоспарлануда, – деді журналист.  

Тележүргізуші атап өткендей, фильмнің орыс, қазақ, өзбек, қырғыз, түрік тілдеріне аударылуының арқасында енді оны бес елдің көрермендері тамашалай алады.

Әскери қызметшілер мен Қарулы күштердің ардагерлерін, әскери-патриоттық клубтар мен әскери оқу орындарының тәрбиеленушілерін залға жинаған деректі фильмнің көрсетілімнен соң фильмнің авторы сахна төріне көтерілді. 

Майя Бекбаева «Әскери-патриоттық тәрбиеге қосқан үлесі үшін» медальмен марапатталды. Оны журналистке қоғамдық қордың Президенті, «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов табыс етті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив