KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Бүгін ШҚО-да сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді

pexels.com

Бүгін, 09:00 8 Назерке Каримова

Онкология және хирургия орталығының мамандары шығысқазақстандықтарды тегін тексерістен өткізеді.

Қазақстанда жыл сайын 4000-нан астам әйелге сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- 19 қазан күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында сүт безінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалауға және алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді. Бұл күні сіз орталықтың жетекші мамандарынан дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан кеңес ала аласыз, - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі. - Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек.


Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ашық есік күні Потанин көшесі, 6, 2-корпус мекенжайы бойынша онкологиялық орталықтың стационарында өтеді.

Анықтама телефондары: 8(7232)489-151, 8778-003-78-45.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив