KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
485.04 525.98 5.04

ШҚО-да Республика күніне орай кітап оқу челленджі жарияланды

pixabay.com

Бүгін, 15:00 0 Назерке Каримова

Кітап оқу челленджі 20 қазанға дейін жалғасады.

Қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Челленджге қатысқысы келген адам бірнеше тақырып бойынша кітап оқуы тиіс.

Тақырыптар:

  • Қазақ тарихына арналған көркем әдебиет
  • Қазақ тарихына арналған жыр-дастандар
  • Қазақ тарихы туралы аңыз-әфсаналар
  • Тәуелсіз Қазақстан дәуіріндегі көркем әдебиет
  • Тәуелсіз Қазақстан туралы деректі әдебиет
  • Шығыс Қазақстан аймағы туралы кітаптар
- Қатысушы оқыған кітаптарын көрсетіп, ол туралы пікірін (видеорецензия) және өзгелерге де оқуға кеңес беретінін айтып видеоға түсуі қажет. Өзі қалаған тілде. Видео ұзақтығы 2 минут болуы керек. Түсірілген видеоларды ukcbs@mail.ru электрондық поштасына 20 қазанға дейін жолдаңыздар, - деп хабарлады Өскемен қалалық О. Бөкей атындағы кітапханасы.


Марапаттау рәсімі 25 қазан – Республика күнінде өтеді. Кітапқұмар жеңімпаздар дипломмен және арнайы сыйлықпен марапатталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив