KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Шығысқазақстандық үш спортшы Сочиде өтетін қысқы олимпиадаға қатысатын болды

24.03.2013, 18:00 128


Еліміздің мақтаулы могулшылары Юлия Галышева, Дарья Рыбалова және Дмитрий Рейхард Сочиде өтетін қысқы олимпиадаға берілетін үш жолдаманы жеңіп алды.Шығысқазақстандық бұл үш спортшы Әлем кубогында жалпы есептің қорытындысы бойынша үздік отыздыққа ену арқылы алдағы дүбірлі доданың қатысушылары атанды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы Ванкуверде болған қысқы олимпиада ойындарында да осы үшеуі ел намысын қорғаған-ды.

Фристайл бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Виктор Лемешконың айтуынша, бұлардан бөлек тағы екі спортшы Дмитрий Бармашов пен Павел Колмаковтың жолдама алу мүмкіндіктері бар. Ол үшін биылғы желтоқсан айында жалауы желбірейтін келесі Әлем кубогында отыз мықтының ішінен орын алулары тиіс.
Жақында аяқталған Әлем кубо-гының нәтижесіне сәйкес жерлесте-ріміз Юлия Галышева 10-шы, ал Дмитрий Рейхард 18-ші орынға табан тіресе, Дарья Рыбалова 25-ші сатыға тұрақтады.



Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив