KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

Жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді

14.02.2012, 18:00 238


Қытайдың Бейд Сити қаласында фристайлдан Әлем кубогының 13-кезеңі өз мәресіне жетті. Кіл мықтылардың басын қосқан дүбірлі додада екі бірдей шығысқазақстандық спортшы топ жарды.

Могулден ерлер арасында Дмитрий Рейхард күмістен алқа тағынса, әйелдер бәсекесінде Юлия Галышева қола медальға қол жеткізді.
Ерлер могулында канадалық Май-кл Кингсбери жүзден жүйрік шықса, екінші орынды бірдей ұпай (25,54) жинаған Дмитрий Рейхард пен Филиипп Маркус еншіледі. Одан кейінгі жүлделерді екі канадалық фристайлшы Жюстин Дюфур мен Марк Кагнан (24,56 ұпай) өзара бөлісті. Осы сында ел намысын қорғаған Дмитрий Бармашов жарысты 13-ші болып аяқта-
ды.
Ал әйелдер арасында американ-дық Ханна Керни 25.69 ұпай көрсет-кішімен бірінші, канадалық Жюстин Дюфур-Лапойнт 25.39 ұпаймен екінші жүлдені иеленсе, біздің Юлия Галышева 25.33 ұпаймен үшінші сатыға табан тіреді. Тағы бір қазақстандық спортшы Дарья Рыбалова алтыншы орынды қанағат тұтты. Жерлестеріміздің жеңісі құтты болсын!

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив