KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Жүлденің бәрі біздің қоржынға түсті

5.01.2018, 03:20 226

Шығыс Қазақстанда республикалық спартакиада аясында фристайлдың могул түрінен ерлер мен қыздар арасындағы чемпионат аяқталды. Аталмыш додаға еліміздің бес облысынан 30-дан астам спортшы қатысқан болатын.


Атап өтерлік жайт, қысқы спартакиадада енді ғана таныла бастаған жас фристайлшылармен қатар, Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков сынды тәжірибелі спортшылар да өнер көрсетті. Бір айта кетерлігі, чемпионатта Шығыс Қазақстан облысының құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жарыста үздік нәтиже көрсеткен фристайлшылар Канаданың Калгари және АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қалаларында өтетін Әлем кубогы жолындағы бәсекелерге қатысуға мүмкіндік алды.


Ал сол Әлем кубогында жоғары нәтиже көрсеткен спортшылардан артынша Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайтын құрама жасақталмақ. Екі күнге созылған додада жүлделі орындарға төмендегі спортшылар ие болды:


Ерлер арасындағы жеке сайыс


1-орын – Д.Рейхерд (ШҚО);


2-орын – П.Колмаков (ШҚО);


3-орын – Д.Бармашов (ШҚО).


Қыздар арасындағы жеке сайыс


1-орын – Ю.Галышева (ШҚО);


2-орын – А.Әміренова (ШҚО);


3-орын – О.Граур (ШҚО).


Ерлер арасындағы жұптық сайыс


1-орын – Д.Рейхерд (ШҚО);


2-орын – П.Колмаков (ШҚО);


3-орын – Д.Бармашов (ШҚО).


Қыздар арасындағы жұптық сайыс


1-орын – Ю.Галышева (ШҚО);


2-орын – А.Әміренова (ШҚО);


3-орын – А.Городко (ШҚО).


Командалық есеп.


1-орын – Шығыс Қазақстан облысы;


2-орын – Алматы облысы;


3-орын – Алматы қаласы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив