Өскемен қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің жаңа орынбасары болып бұған дейін қалалық мәслихат хатшысы қызметін атқарған Головатюк Владимир Михайлович тағайындалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне жүгініп.
В.М.Головатюктің екі жоғары білімі бар:
1976 жылы Томск политехникалық институтын «Қалалар мен ауыл шаруашылығының өндірістік кәсіпорындарын жарықпен қамтамасыз ету» мамандағы бойынша тәмамдаған.
2011 жылы Халықаралық бизнес университетінің магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1976 жылы қорғасын-мырыш комбинатында элетромонтер болып бастаған В.М.Головатюк 1978-1997 жылдары «Востокмашзавод» АҚ вице-президенті қызметіне дейін өседі.
1997-2002 жылдарда «Өскемен нан-тоқаш өнімдері зауыты» АҚ президенті.
2002-2003 жылдары годы – «Восток-Алтын» футбол клубының атқарушы директоры, 2003-2008 жылдары Өскемен қаласы әкімдігінің «Восток» клубын басқарды.
Өскемен қалалық мәслихатының III және IV шақыртуларының депутаты.
2009 жылдың қазан айынан Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы болып істеді.