KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, Ю
479.05 534.57 5.17

Өскемен қаласында тұңғыш рет балаларға арналып «Наурыз-Думан» мерекесі өтеді

18.03.2013, 18:00 125


Өскемен қаласында тұңғыш рет балаларға арналып «Наурыз-Думан» мерекесі өтеді. Аталмыш шараны ұйымдастырушылар облыстық мәдениет басқармасының қызметкерлері, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Балғындар үшін арнайы жеке бағдарламаны әзірлеуіміздің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген қызығушылықты орнықтыру, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру» дейді басқарма мамандары.

Металлургтер мәдениет сарайының алдына 21-наурызда тігілген киіз үйлер бірыңғай сахналық кеңістікті құрайтын болады. Балалар мен қала қонақтары, үлкендер арнайы пісірілген наурыз көжеден дәм татып, бауырсақ және басқа да жылы-жұмсақ, тәттілерден ауыз тиеді.

Шығыс күнтізбесі бойынша қарсы алынатын Наурыз мерекесін тойлау бағдарламасында балалар шығармашылығынан концерт және сахналық көріністер болады.

Алаңда сонымен қатар әртүрлі ойындар, балвлардың асфальтке сурет салу байқауы, мерекелік сауда-саттық өткізу жоспарланған.

Ал Мәдениет сарайында балғындарға арналып «Әз Наурыз» қойылымы көрсетіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив