KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Норвегияның Осло қаласында «Менің сіздерді құшақтайтын жүрегім ғана бар: Кәріпбек Күйіков шығармашылығы» атты сурет көрмесі ашылды (+сурет)

4.03.2013, 18:00 171


Норвегияның Осло қаласында «Менің сіздерді құшақтайтын жүрегім ғана бар: Кәріпбек Күйіков шығармашылығы» атты сурет көрмесі ашылды. Семей полигонының құрбаны Кәріпбек Күйіковтың шығармашылығына ядролық сынақтардан бас тарту тақырыбы арқау болған , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Назарбаев орталығының баспасөз қызметіне жүгініп.

Норвегияның Осло қаласында «Менің сіздерді құшақтайтын жүрегім ғана бар: Кәріпбек Күйіков шығармашылығы» атты сурет көрмесі ашылды (+сурет)«Менің картиналарымда ядролық қарудан азат әлемге шақыруым бейнеленген, оларға мен жанымды салып, жүрегімнің бір бөлшегін бердім... Ядролық бәйге, әлемді ядролық қарудың көмегімен жаулап алу өршіп келеді. Біздің сабырға келіп, тоқтауымыз керек. Мақсатымызға жету үшін де куә болған, басымыздан өткендерді айтуымыз керек...» деді суретші «Ядролық сынақты қолданудың гуманитарлық салдары» атты халықаралық конференцияда.

Норвегияның Осло қаласында «Менің сіздерді құшақтайтын жүрегім ғана бар: Кәріпбек Күйіков шығармашылығы» атты сурет көрмесі ашылды (+сурет)Қарағандылық суретшінің көрмесі осы конференция жұмысының барысында ашылды. Сондай-ақ конференция аясында «АТОМ» Жобасының тұсаукесері өткізілді. Бұл жобаны Назарбаев орталығы жүзеге асырады.
«Біздер, ядролық соғыстың адамзат баласы ешқашан басынан өткермеген осындай тозағынан өткен ядролық сынақтардан зардап шегушілер, мүмкіндік бар кезде ядролық ессіздіктің нағыз алапатын саналы түрде жете түсінуге шақырамыз. Егер де әлемдегі миллиардтаған адамдар ядролық сынақтардың шын мәнінде бар екенін саналы түрде сезінетін болса, онда қоғамдық пікір ядролық қаруды жер бетінен жойып жоқ қып жіберерліктей жеткілікті моральдық күшке ие болады», – деді конференцияның қатысушыларына сөзін арнаған «АТОМ» Жобасының Құрметті Елшісі Кәріпбек Күйіков.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив