KZ
Өскемен
+10°
пасмурно Штиль
441.44 473.09 4.75

Норвегияда өтетін халықаралық конференцияға қатысады

27.01.2013, 18:00 171


Назарбаев орталығы наурыздың басында Осло қаласында өтетін «Гуманитарные последствия применения ядерного оружия» атты халықаралық конференцияға шақырту алды. Бұл жайында Назарбаев орталығының директоры, ҚР Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі комиссияның Төрағасы Қанат Саудабаевтың Қазақстандағы Норвегия Королдігінің Елшісі Оле Йохан Бернамен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сұхбаттасушылар екіжақты қарым-қатынаста тығыз байланыстыратын басты тетіктердің бірі – жаппай қырып-жою қаруын таратпау мен ядролық қауіп-қатерге тыйым салу саласындағы ынтымақтастыққа айрықша назар аудара отырып, екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Норвегияның таратпау мен қарусыздандыру процесіне ортақ көзқараста екендігін және тиісті халықаралық процестерде белсенді ат салысуын жалғастыра беретіндігін кезекті рет нақтылады.

Сонымен, норвегиялық тараптардың шақыруымен, қазақстандық делегация биылғы наурыздың басында Осло қаласында өткізілетін «Гуманитарные последствия применения ядерного оружия» атты халықаралық конференцияға қатысатын болды. Конференцияның мақсаты халықаралық қауымдастықтың назарын ядролық қаруды қолданудың қоғамдық апатты салдарына аудару, сондай қолданысты азайту арқылы нәтижесінде ядролық қарусызданудың әлемдік процесіне жаңа импульс беретін бірлескен шешім мен ұстанымды жасау болып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив