KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность Штиль
481.19 538.45 5.18

ШҚО оқушылары ядролық полигон орындарын көруге барады

16.07.2018, 05:18 328

Мектеп оқушылары үшін Курчатов қаласының технологиялық нысандарына және киелі жерлерге бағытталған арнайы туристік маршрут ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жаңа маршрут «Рухани жаңғыру» аясындағы жобалар негізінде Ұлттық ядролық орталық және «Ядролық технологиялар паркі» АҚ-мен бірлесе жасалды. Облыс мектептеріндегі оқушылар Ұлттық ядролық орталықтың нысандарын аралайды. Оның қатарына Қазақстандағы жалғыз «Токомак» қондырғысы кіріп отыр. Тарихи нысанға жататын Семей ядролық полигонының музейіне де жол ашық.


– 13 және 30 шілде аралығында өтетін экскурсия барысында оқушыларға еліміздің ядролық өнеркәсіптегі жетістіктері жайлы деректі фильм және Семей полигонының құрбандары туралы театрландырылған қойылым көрсетіледі, – дейді Курчатов әкімі Алмас Оңдақанов.


Экскурсия бағдарламасына ШҚО киелі жерлері түгел кіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив