KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
480.55 533.75 5.36

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Динаның күйі мен Күләштің әні сақтаулы

26.02.2013, 18:00 172


Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайына Абай ауданы, Саржал ауылының тұрғыны, бүгінде зейнеткер Бану Смағұлова өзінің жеке коллекциясынан 70-ке жуық күйтабақты сыйға тартты. Осылайша мұражай қоры баға жетпес жәдігермен толықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Олардың ішінде қазақ халық әуендері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестр құрылған кезде орындалған Құрманғазының күйлері, Дина Нұрпейісованың 1948-1950 жылдары өзі домбырада орындаған күйлері, Иса Байзақовтың «Ақбөпе» поэмасынан үзінді оқыған ақынның қызы Махпуза (Мәкен) Байзақованың дауысты күйтабақтары бар.

Сонымен бірге коллекцияда опера әншілері: Қазақ КСР халық әртісі, қазақ операсының тұңғыш орындаушысы Күләш Бәйсейітованың орындауындағы әндердің толық жазбалары, Роза Бағланованың ертеректе орындаған әндері, Ришат, Мүсілім Абдуллиндер, Бибігүл Төлегенова, Байғали Досымжанов және тағы басқалардың орындауындағы шығармалар бар. Жүсіпбек Елебековтің орындауында Абайдың, Ақан сері, Мәди, Біржан, Жаяу Мұса және Ғазиздың тамаша әндері де осында.

Өткен ғасырдағы дәстүрлі әуен-күйлердің күйтабақтары – қазіргі таңда нағыз баға жетпес мәдениеттің тарихи шежіресі. Сондықтан 70-ке жуық сақтау бірлігін құрайтын грампластинкалар мұражай қорына қосылған теңдесі жоқ дүниелер болып табылады.

Биыл Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 130 жыл толды. Осы айтулы мерейтой қарсаңында мұражай-
да «Сирек кездесетін дауыстар» жобасы бойынша бірнеше күйтабақ шығару жоспарланып отыр.

Шынар Сейсембаева,


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив