23-ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен облысымызда алғаш рет «Мәдени WEEKEND» акциясы бастау алады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық мәдениет басқармасының
баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
Акцияның мақсаты тұрғындардың мәдениет деңгейін көтеру, мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысымен таныстыру, жаңадан ашылған, құрылған шығармашылық топтармен таныстыру, мұражай және кітапхана қорларымен таныстару болып табылады.
Мемлекеттік қызметкердің көп уақытын жұмыс орнында өткізетіні белгілі. Аталмыш акция аясында мемлекеттік қызметкерлер мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысымен танысып, мәдени іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алады.
Мәдениет басқармасының мамандарының айтысына қарғанда, бұл күні театрлар өздерінің жаңа қойылымдарын қояды, мұражайлар өздерінің көрме жұмыстармен таныстырып, экскурсия жүргізеді.
Кітапханалар мемлекеттік қызметкерлерді жаңадан игерілген ақпараттық технологиялармен және кітапхана қорымен таныстырады. Облыстық Достық үйі мен облыстық мемлекеттік филармония концерттік бағдарлама ұйымдастырады.