KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Балғындардың 95,7 пайызы мектепке дейінгі білім мекемелеріне барады

19.02.2013, 18:00 133


Өңірде мектепке дейінгі балалардың 95,7 пайызы білім мекемелеріне барады. Былтыр облыс бюджетінен білім саласына 70,1 млрд. теңге бөлінген. Солай бола тұра, мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтамасыз ету тұрғысында түйткілді мәселелер көп, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Облыс әкімінің Семей қаласында өткен есептік кездесуінде осындай деректер келтірілді.

Облыста апатты білім ордаларын жаңалауда биыл қолданысқа 18 мектеп берілетін болса, тағы да 16 білім ошағының құрылысы басталған.

Жетім балалар мен ата-ана қам-қорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету үшін «Мейірім» акциясы жүзеге асуда. Облыста мұндай балалардың саны төрт жарым мыңға жуық. Патронаттық ұйымдарға 900-ден астам бала бекітіліп, оларға 60 млн. теңгеден астам сомаға тұрғын үй жинақ есепшоты ашылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив