KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 2,2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Өскемен әкімі ауа райының қолайсыздығына байланысты шұғыл хабарлама жолдады

10.02.2013, 18:00 150


Бүгін кешкісін, 11 ақпанда, Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев «Қазақстан - Өскемен» телеарнасында облыс орталығының тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты шұғыл хабарлама жолдады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қала әкімі баспасөз қызметіне сүйеніп.

Облыс орталығының басшысы Серік Тәукебаев шұғыл хабарламасында соңғы тәулікте Шығыс Қазақстан облысы және қалада толассыз қар жауып, боран мен дауылды жел тұрып, температура төмендегенін, синоптиктердің хабарлауы бойынша осындай ауа райы бірнеше күн бойы сақталатынын айтты.

Бұл жағдай Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың бақылауында. Облыста және қалада төтенше жағдайлар штабы құрылып, жұмыс атқаруда. Бүгін Серік Тәукебаев Өскемен қаласының әкімі және Азаматтық қорғаныс бастығы ретінде 11 ақпаннан табиғи сипаттағы төтенше жағдай енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, қалада төтенше жағдай жөнінде штаб құрылды.

Осыған байланысты, қаланың барлық коммуналды және жедел көмек көрсету қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген жұмыс істеу режиміне көшірілді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив