KZ
Өскемен
+8°
дождь жел 6 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Семейдегі Сәбилер үйінде тәй-тәй басқан бөбектердің тұсауын «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қариннің өзі кесті

8.02.2013, 18:00 297


«Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин Семей қаласындағы Сәбилер үйінде енді ғана тәй-тәй басқан бөбектердің тұсауын өзі кесті. Осылайша республикалық «тұсаукесер» акциясын бастады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сүйеніп.

Бұдан кейін Ерлан Карин партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков, Семей қалалық мәслихат хатшысы Жағыпарбек Елубаев және қалалық мәслихат депутаты Қайнолла Мусинмен кездесіп, жетім балаларға әлеуметтік қолдау көрсету жайын, соның ішінде аталмыш Сәбилер үйі тәрбиеленушілерінің қордаланып қалған мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Семей қаласындағы Сәбилер үйін депутаттар қамқорлық алатын болып шешілді. Енді сәбилер үйі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына қаражаттың бөліну мәселесі қатаң бақылауға алынатын болды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив