KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Глубокое ауданында екіжақты 51 меморандумға қол жетті

3.02.2013, 18:00 269


Глубокое ауданы, Ушанов ауылдық округі өз аймағында жұмыс істеп жатқан шаруашылықтармен округтің әлеуметтік жағдайын жақсартудағы белсенділіктерін арттыру үшін екіжақты 51 меморандумға қол қойды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Соның нәтижесінде «Ушанов-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ушанов орта мектебіне 45 мың теңгенің спорттық киімдерін, футбол, волейбол доптарын сыйлап, 50 мың теңгенің футбол қақпасын жасап, орнатып берді. Тұрмысы төмен отбасыларының балаларын жазғы демалыс лагеріне жолдамамен қамтамасыз етті. Егде адамдарға ақшалай жәрдем көрсетті.

Степное ауылындағы мектеп-балабақша кешенінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына, осы мекемеге музыкалық аппаратура сатып алуға және спортшылардың жарысқа қатысып қайтуларына қаражат бөлді. Ушанов ауылының үш көшесіндегі шұңқырларды жөндеуге 180 мың теңге бөліп, өз күштерімен атқарып шықты.

Сондай-ақ, «Әбітаев» шаруа қожалығы Ушанов ауылында мал ұрықтандыру пункті мен ветеринарлық учаскенің орынжайына ғимарат, «Екі Дос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі округті абаттандыруға 100 мың теңге бөлді. «Бари Б и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Степное ауылындағы төрт көшені жөндеуге 5638 мың теңге жұмсады және қатты қалдықтар күресінін реттеуге көмектесті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив