KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Beeline компаниясының BMW X6 автокөлігі өскемендік отбасына бұйырды

1.02.2013, 18:00 156


Өскемендік 26 жастағы Александра Суменкова мен оның жолдасы Евгений BMW X6 автокөлігін ұтып алды. Қымбат көлікке жанұя Beeline компаниясының «Жаса» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Iphone 5 күн сайын» sms- акциясының қорытындысы бойынша қол жеткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл жағымды жаңалықты Beeline компаниясының баспасөз қызметі таратты.

Александра и Евгений Өскемен қаласында тұрады. Бұл көлік жас отбасының алғашқы жаңа автокөлігі.

Александра Суменкова жолдасы екеуінің «Iphone 5 күн сайын» акциясына қатысып, олардың сұрақтарына жүйелі түрде жауап беріп отырғандарын айтады. Екеуі де о бастан жеңіске жететіндеріне сенімді болыпты.

«Iphone 5 күн сайын» акциясының бас жүлдесі 2013 жылдың 5-қаңтарында ойналды.

2012 жылдың 1 қазанында басталған жоба 2013 жылдың 31-қаңтарында аяқталды.

Жоба қорытындысында Beeline компаниясының 80-нен астам абонементі Iphone 5 сәнді гаджеттеріне ие болды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив