KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

«ONKO WEEK VKO» аясында 13 ота жасалды

6.07.2024, 11:00 112 Айна Ескенқызы

Шығыс Қазақстан облысының көпсалалы онкология және хирургия орталығында отандық және шетелдік онкологтардың қатысуымен «ONKO WEEK VKO» ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Оған онкологиялық орталықтың мамандары, сондай-ақ Алматы, Астана, Тбилиси және Санкт-Петербург қалаларынан дәрігерлер шақырылған. Мамандар онкоурология, онкогинекология және торокальды хирургия саласында 13 ота жасады.

Онкологиялық орталық Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген хирургтар үшін оқыту алаңына айналды. Конференцияға еліміздің түрлі аймағынан 30-ға жуық дәрігер жоғары технологиялық, шағын инвазивті операцияларды жүргізу тәжірибесін алу үшін келді. Келген хирургтар операцияларды тек тікелей эфирде емес, сонымен қатар онлайн режимінде де бақылай алды. Трансляция барысында сұрақтар қойып, жедел топтармен сөйлесуге мүмкіндік алды.

- Жаңғырған онкологиялық орталық заманауи шамдармен жарықтандырылған әрі мамандарымыз жетекші шетелдік клиникалардан оқып келген. Бұл мүмкіндіктер осындай ауқымды шараны өткізуге мүмкіндік беріп отыр, бұл біз үшін үлкен мәртебе, - деді көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина. – Елдің өзге өңірлеріндегі, шетелдегі әріптестерімізбен тығыз байланыста бола отырып,  қазақстандықтарға жоғары технологиялық медициналық көмекті қолжетімді етеміз.


Тбилиси американдық госпиталінің урологиялық бағытының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Давид Николеишвили, сондай-ақ жоғары санатты дәрігер-онколог, Санкт-Петербург фтизиопульмонология ҒЗИ торокалды хирургы Андрей Нефедов ШҚО-дағы онкологиялық орталықтың жабдықталуы мен мамандардың біліктілігін жоғары бағалады, сондай-ақ одан әрі нәтижелі ынтымақтастыққа сенім білдірді.

- Бұл іс-шараның ең үлкен артықшылығы - отандық және шетелдік хирургтар бір-бірімен тәжірибелік және теориялық жағынан тәжірибе алмасады, - деді Қазақ ОРҒЗИ онкоурология орталығының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Хусан Умурзаков. - Мен өзім Шығыс Қазақстанның онкологиялық орталығында 13 жыл жұмыс істедім. Орталықтың ұжымы мықты деп айта аламын. Мамандар онкоурология саласында шағын инвазивті, пластикалық операциялар жасайды және біз басқа хирургтарды бірлесіп оқыттық.


Үш күн бойы іс-шараға қатысушылар онкохирургияның заманауи тақырыптары бойынша баяндамалар жасады, қатерлі ісікті емдеудің заманауи әдістерін талқылады, сондай-ақ дәрілік препараттарды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив