Ең қуатты айфон анықталды
Мамандар тест жүргізу арқылы Apple компаниясының жаңа өнімі бұрынғыларға қарағанда бір жарым есе ұзақ жұмыс істейтіндігін анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
life.ru мәліметіне сүйенсек, iPhone XR-дің қуаты бұрынғыларға қарағанда ұзаққа шыдайды. Ғалымдар ғылыми тәжірибе барысында жаңа өнімді iPhone 8 бен iPhone 8 Plus нұсқаларымен салыстырған.
Сарапшылардың айтуынша iPhone XR жоғары режимде 16 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Музыка тыңдау 50 сағатқа дейін жалғасады. Бұл iPhone 8 Plus қарағанда бір жарым есе жоғары.
Жақында Apple компаниясы жаңа процессорлі iPhone XR таныстырған болатын. Телефон қазан айының екінші жартысында сатылымға шыға бастайды.