KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Арқан тартудан ашық республикалық турнир өтті – Өскемен

6.07.2024, 14:30 234 Ынтымақ Толқын

Облыс орталығында арқан тартыстан ашық республикалық турир басталды.

Шығыс өңірінде бірінші рет ұйымдастырылып жатқан жарысқа ел аумағынан сегіз команда жиналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Спорттық сайыстың мақсаты – осы ұлттық спорт түріне көпшіліктің қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау. 

 – Арқан тартудан республикалық турнир Өскеменде бірінші рет өткізіліп жатыр. Жарысқа Астана, Жетісу, Абай облыстарымен қатар жергілікті командалар да қатысуда. Жалпы сегіз команда жиналды. Төртеуі ерлер, төртеуі әйелдер құрамасы. Өздеріңіз білетіндей осы спрот түрі 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойынының қатарына енген болатын. Бүгінгі турнир арқан тартысты ел көлемінде дамытуға үлкен қолдау болып отыр, – деді облыстық гір спорты және қол күрес федерациясының президенті Әділ Әбдіғалиев.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары арқан тарту ережесіне сәйкес жинаған ұпайлары бойынша анықталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив