Жаңа Қанай ауылында жаңа психиатриялық аурухана салынады
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен
Қазір психиатриялық орталықтың корпустары мүлдем жарамсыз, ескірген, санитардық талаптарға сай келмейді.
Облыс әкімі нысанға барған кезде психиатриялық аурухананың жаңа ғимаратын салу нұсқаларын қарастыруды тапсырған болаты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Офтейк келісімшарты бойынша нысанды салу туралы шешім қабылданды. Оff-take келісімшарты дегеніміз - кәсіпорынның өз есебінен ғимарат тұрғызып, оны мемлекетке сатуы. Мысалы, "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы осындай келісімшарт бойынша салынды.
Айта кетейік, жаңа орталық салынса, ауылда жаңа жұмыс орындары пайда болады.