KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Жаңа жобаның тұсаукесер рәсімі өтті

13.01.2013, 18:00 100


Семей қаласының Достық үйінде «Азаматтық қоғамдағы оралмандар мен әлеуметтік бейімделмеген тұлғалардың заңды құқықтарын жүзеге асыру» атты жобаның тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Семей қаласы ішкі саясат бөлімі ақпараттық секторының мәліметіне сүйенген Altaynews.kz тілшісі.

Жобаны «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры, Семей қаласындағы БҰҰ даму бағдарламасы өкілдігі, ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, Семей қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы», Қызыл ай қоғамының мейірбикелік күтім ауруханасы және басқа ұйымдармен бірлесе іске асырады.

«Жанұя орталығының» директоры Людмила Асташкина атап өткендей, орталықтың мақсаты – жанұялармен жұмыс істеу, отбасы жағдайын жақсарту және тұрақтандыру ісінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, діни конфессиялар мен басқа да мүдделі тараптардың жұмыстарын үйлестіру.

Жобаның үйлестірушісі Қуатбек Исабаевтың сөзіне қарағанда, жобаның мақсаты - азаматтық қоғамдағы оралмандар мен әлеуметтік бейімделмеген тұлғалардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру, жоба аясында оларға жекелей көмек көрсету.

Жобаның мақсатты топтары ретінде оралмандар отбасылары, ВИЧ-инфекциясымен өмір сүретін адамдар, Қызыл ай қоғамының мейірбикелік күтім ауруханасының қамқорлығындағы адамдар бекітілді. Семей өңірінде Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Ресей және басқа да мемлекеттерден келген 1200 оралман өмір сүреді. Олардың 800-і қаланы, 400-і ауылдық аймақтарды мекен етеді. Бастапқы кезеңде оларға қоғам жағдайларына бейімделу оңайға түспейді.

Оралмандармен жұмыс бойынша мақсатты топтың үйлестірушісі шекара, кеденнен өту, құжаттар алу және әлеуметтік сипаттағы оралмандардың мәселелерін сөз етті.

Жобаны жүзеге асыру барысында аталған тұлғалар тобы өз конституциялық, азаматтық құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады. Орталықтың қызметі бұл адамдардың өмір жағдайларына тез бейімделулеріне оң ықпал етеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив