KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Семейде діни ағымдардың мәнін түсіндіретін орталық ашылды

31.05.2013, 18:00 202


Семейде діни ағымдардың мәні және бүлдіргіш діни мекемелердің әрекетінен зардап шеккен адамдарға көмек көрсету туралы халықты ақпараттандырудың орталығы ашылды. Орталық қызметін өзінің ұйымдастырушысы «Даналык» қоғамдық қорымен аттас жобаның шеңберінде іске асырады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Жобаның мақсаты халықтың діни сауаттылығын көтеру және Семей мен Курчатов қалаларындағы, сонымен бірге, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма және Ұржар аудандарындағы бүлдіргіш діни мекемелердің әрекетінен зардап шеккен адамдарға ақыл-кеңес, психологиялық көмек көрсету болып табылады.
Жобаның үйлестірушісі Архат Кайырмағамбетов айтқандай, қазіргі жастардың күнделікті өмірі интернетпен тығыз байланысты болғандықтан, жобаның жеке сайтын ашу және әлеуметтік желілерде тақырыптық қоғамдастықтарды құру жоспарлануда.

Қазіргі таңда діни экстремизмге қарсы тұрудың тиімді тәсілдерінің бірі - БАҚ арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмысы болып табылады. Осыған орай жобаның іске асырылуына бейнероликтерді дайындау және оларды жергілікті және облыстық телеарналардан трансляциялау, сонымен бірге, жетекші теологтар мен дін зерттеушілерінің мақалаларын баспа орталықтарында жариялау кіреді.

Жобаның қалалары мен аудандарында халықпен кездесулер ұйымдастыру, діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу, конфессияаралық келісімді нығайту көзделген. Осыған ұқсас бірінші шаралардың ішіндегі «Діни саладағы бүлдіргіш және экстремистік әрекеттердің алдын алу бойынша БАҚ жұмысының ұстанымдары және оны ұйымдастыру» атты журналшыларға арналған жаттықтыратын семинар – тренингі таяуда ғана Семейде өтті.

Орталық тақырыптық және полиграфиялық өнімді басып шығаруды және оны кеңінен таратуды жоспарлауда. Діни ағымдардың бүлдіру әрекетінен зардап шеккен адамдарға тегін кеңес беру және психологиялық көмек көрсету үшін, жақында сенім телефоны өз жұмысын бастайды.

Жобаның ұйымдастыршылары шаралардың жоспарланған барлық кешені халықтың діни сауаттылығын көтеруге айтарлықтай көмектесетініне сенімді.

Діни ағымдардың мәні және бүлдіргіш діни мекемелердің әрекетінен зардап шеккен адамдарға көмек көрсету туралы халықты ақпараттандыру орталығының қызметі туралы қосымша ақпарат және анықтамалар алғыңыз келсе, келесі мекен-жай бойынша хабарласуға болады: ШҚО, Семей қ., Уранхаев көшесі 62 «а» Телефон: 8 (7222) 36-11-14.


Эльдар Нуруллин

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив