KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Ақпараттық тренингтер еріктілер қозғалысын жандандырады

17.04.2013, 18:00 215


«Исток» балалар және жастар шығармашылығы орталығы» қоғамдық бірлестігі еріктілер қозғалысын таныту бойынша жобаны жүзеге асырмақ. Бұл жобаны ШҚО ішкі саясат басқармасы қаржыландырады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.


Жоба үйлестірушісі Әлия Зәкеннің сөзіне қарағанда, бұл жобаның мақсаты – ақпараттық кампания және тренингтер арқылы өңірдегі еріктілердің белсенділігін арттыру.

"Өскемен, Семей, Риддер және Зырян қалаларының белсенді жастары үшін екі күндік тренингтер өткізіледі. Бұл тренингтерден өткен жастар өзге еріктілерді үйрете алады , - дейді Әлия Зәкен. – Олар еріктілер қозғалысын танытып қана қоймай, сонымен қоса халықты «АТОМ» жобасымен таныстырады. Онлайн режимінде ядролық қаруға қарсы петицияға қол қоюды ұйымдастыру жоспарлануда."




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив