KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Кәсіпкер шаруасын дөңгелетіп отыр

13.01.2013, 18:00 96


Бесқарағайда шаруасын дөңгелетіп, кәсібін ұлғайта түсіп келе жатқан азаматтар баршылық. Соның бірі -- кешегі механизатор Виктор Кронгард.

Виктор Карлович осыдан он бес жыл бұрын «Мечта» деп аталатын фермерлік шаруашылығын құрып алған еді. Былтырдан бастап егін шаруашылығымен де айналысып келеді. Аудан орталығы мен жақын маңайдағы елді мекен тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етіп келе жатқанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Мұның сыртында аудан орталығында он орындық қонақ үйі де қызмет көрсетіп тұр.

Ол өткен жылы үш миллион теңге көлеміндегі шағын несиеге қол жеткізді. Оған қырық бас ірі қара малын сатып алды. Қазірде мұның фермасында барлығы жетпіс бас ірі қара, қырық қой бар. Фермада ірі қараны бордақылау жолға қойылған. Таяу арада бұлар жиырма бес бас ірі қараны етке өткізуді жоспарлап отыр.

Фермада бес адам еңбек етеді. Жаз айларында қосымша үш- төрт адамды және жұмысқа алады. Сөйтіп, жазда малға қажетті жем-шөпті өздері дайындайды. Ал өздерінен артылғанын елге сатады. Мұнда техника да жеткілікті. Бұрынғы механизатор оны қазірдің өзінде жөндеп, сапқа қойып үлгерген.

Қонақ үй шаруашылығына Татьяна Шебаршова деген азаматша іскерлікпен иелік етіп отыр. Аудан орталықтарының бәрінде мұндай қолайлы қонақ үйі табыла бермейді. Онда асхана да, сауна да жұмыс істеп тұр. Қонақ үйдің бағасы да соншалықты қымбат емес.
Міне, бүгінгі ауыл кәсіпкерінің тіршілігі осындай!

Дәулет Сейсенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив