KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
442.05 474.14 4.74

Тауық фермасын ашып алды

11.01.2013, 18:00 191


Бесқарағай ауданының Қарабас ауылында ерлі-зайыпты Әлиевтер шағын тауық фермасын іске қосып жатыр. Жұмыртқа өндірумен айналысатын мұндай ферма аудан бойынша жалғыз болмақ.

Бірі бас, екіншісі қол болып жаңа істі қолға алған жұбайлар өткен жылдың шілде айында екі жарым миллион шағын несиеге қол жеткізген. Аудан тарапынан да қолдау болмай қалмаған. Ферма ғимаратын небәрі екі ай ішінде салып алды. Ал оған бір миллион теңгедей қаражат кетті. Содан соң Семейден жарты миллион теңгедей қаражатқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алған.

Енді мұнда ұсақ-түйек жұмыстар ғана қалып тұр. Жаңадан ашылатын тауық фермасында үш адам еңбек етпек.

Ал өндіріс үшін кемі бес жүз тауық сатып алынбақ. Бастапқыда күніне екі жүз жұмыртқа өндірсек те жаман емес дейді ферма қожайыны. Соның өзінде бір айда ғана алпыс мың жұмыртқа өндіретін болады. Мұнда баға да арзан болмақ. Яғни, бір жұмыртқа 15 теңге мөлшерінде. Ал қаладағы баға 20 теңгеден астам. Таяу болашақта бұлар сонымен бірге балапан өсірумен де айналыспақ.

Сонымен бір түкпірдегі, Қарабас ауылындағы игілікті іс нәтижесін бүкіл аудан болып көретін күн де алыс емес.

Мәлімет көзі Altaynews. kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив