KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Ғылым әлеміндегі көрнекті тұлға

8.01.2013, 18:00 147


Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасы (European Scientific-Industrial Chamber) Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, экология, химия және география пәндері кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Михаил Семенович Панинді биогеохимия саласындағы іргелі зерттеулері үшін сапа дипломы және алтын медальмен марапаттады.

Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасы 1992 жылы құрылып, осы уақытқа дейін әр елдің ең үздік ғалымдарын, қоғам, өнер, саясат қайраткерлерін елеулі еңбектері үшін марапаттап келеді.

Михаил Семенович Семей мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі және осы қасиетті шаңыраққа өлшеусіз еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз. Қазақстан биосферасындағы химиялық элементтерінің мөлшерін және олардың орындарының ауысуын зерттеу саласында республикадағы жетекші ғалымдардың бірі болып табылады.

Ол бұдан бұрын "Химиялық экология" оқулығы үшін А.Байтұрсынов атындағы медальмен, В. Ковальский атындағы медальмен наградталған. Халықаралық Өмірбаяндарды Зерттеу Орталығы (Кембридж, Англия) оған ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін "Әлемнің жетекші ғалымы" атағын берген-ді. Сонымен қатар, әлемдік кітапханаларға таратылатын бүкіл әлемге белгілі "ХХІ ғасырдың аса көрнекті ғалымдары" анықтамалығына есімі енгізілген болатын.

Жуырда Михаил Семенович Шығыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағына ие болды. Мұның барлығы -- ақылы мен парасаты сай, ғылымға шынайы үлес қосқан ғалым Михаил Паниннің жылдар бойғы ерен еңбегінің жемісі.

Мәлімет көзі Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив