KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 4 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Защита темір жолшылар ауруханасында Гиппократ антына адал дәрігерлер жұмыс істейді

25.12.2012, 18:00 113


Бүгінгі таңда медицина саласын сынамайтын адам жоқ. Дәрігерлер жауапсыз, аурухана қажетті құралдармен жабдықталмаған, дәрі-дәрмек жетпейді сияқты кінәлауларды күнде естиміз. Оған етіміз үйреніп кеткені соншалық, редакция поштасына келіп түскен мына хатты оқығанда, Гиппократ антына адал дәрігерлер әлі де кездесетініне куә болдық, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам болмас. Біздің әрқайсымыз кез келген сәтте сырқаттанып қалуымыз мүмкін. Мен де аяқ астынан аурухана төсегіне таңылып қалдым. Шаңғы, коньки тебемін деп ауыр жарақат алдым, ары қарай аурухана, операция...
Защитадағы темір жолшылар ауруханасының стационар бөлімшесі шағын ғана, тап-тұйнақтай. Бұл жерде кішіпейіл медбикелер мен білікті дәрігерлер жұмыс істейтініне көзім жетті. Олар қаншама науқасқа үміт отын сыйлайды десеңізші?!
Мен аурухананың хирургия бөлімшесінің барлық ұжым мүшелеріне шексіз алғысымды білдірсем деймін. Әсіресе хирург-дәрігер Игорь Александрович Бессолицынға оның науқастармен сөйлесе алатын қасиеті, олардың сенімін ақтауға тырысатын біліктілігі, жұмсақ жүрегі мен шипалы алақандары үшін рахметімді жаудырғым келеді. Сонымен қатар анестезиолог - дәрігерлер Б.Қожахметовтің, В.Брагиннің; Л.Коробейникова, Л.Грунина, О.Пич, Р. Козюкова, Т.Сысоева, Н.Коньшина, А.Нестерова, И.Берсенева, Л.Игенева сынды мейірімді медбикелердің; Т.Менг, О.Богомолова, Л.Гончаренко, Мұсатаева сияқты кіші медициналық қызметкерлердің еңбегіне қатты ризамын. Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі В.Н.Иванованың білікті басқаруы мен жұмысты жүйелі ұйымдастыруының нәтижесінде бөлімше ұжымы науқастардың ыстық ықыласына бөленуде. Тәні жаралы сырқаттарды тек дәрі-дәрмекпен ғана емес, жылы сөздеріңізбен, аялы алақандарыңызбен де емдейтіндеріңіз үшін тағы да алғысымды айтамын. Сіздердің барлықтарыңызға Жаңа жылда денсаулық, отбасылық бақыт, табыс тілеймін», дейді өз хатында өскемендік Инна Михайлова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив