KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, В
442.05 474.14 4.74

Өскемендегі №1 қалалық аурухананың атауы мен статусы өзгереді

23.05.2018, 05:22 135

Аурухана статусы мен атауының өзгеруіне мұнда әкелінген заманауи құрал-жабдықтар себеп болып отыр. Сонымен қатар бұл жерде енді бүкіл облыстан келген науқастарға қызмет көрсетілетін болады, деп хабарлайды Алтайньюс.


Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кезекті жиында облыс басшысы Даниал Ахметов айтты.


-Дәл осы аурухана кешенінде еліміздегі ең тұңғыш Роботохирургия орталығы жұмыс істей бастады. Енді біздің дәрігерлер біліктіліктерін одан сайын арттыра түсуі қажет, ол үшін шетелден білімдерін толықтыруы керек,-деді Д.Ахметов.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шорановтың айтуынша,  Өскеменнің  №1 ауруханасы заманауи медициналық  құралдармен жабдықталуы жағынан облыста ғана емес, республика көлемінде де алдыңғы қатарлардың бірінде екен.


-Мекемеге жаңа статус берілуі керек. Оның қазіргі жұмыс бабындағы атауы да дайын тұр – Облыстық мамандандырылған медициналық орталық,-дейді басқарма басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив