KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

-45 градус аязға төтеп беретін дизель отыны Шығыста болмай тұр

13.12.2012, 18:00 203


Өскемен қаласының тұрғындары үшін сарышұнақ аязда таңертең жұмысқа, кешке үйге жету мұң болып тұр. Аяздың алғашқы күні 54 автобус рейске шықпаса, кеше 100 автобус қаңтарылып тұрды. Күн райы қатайған сайын бұл көрсеткіш жоғарылай беретін сыңайлы, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


-Басты проблема біздің қалада -30 градус аязға төтеп беретін дизель отынының жоқтығында, - дейді Өскемен қалалық жолаушыларды тасымалдау орталығының бастығы Владимир Панков. – Дизель отыны жазғы және қысқы болып екіге бөлінеді. Қысқының өзі -30 градуста қоймалжыңға айналып, двигательдерді бітеп тастайды. Оның үстіне қазір дизель отынының 1литрінің бағасы 150теңгеге шарықтап кетті. Ал бізде оны сатып алу бағасы литріне 90 теңгеден деп салынған.

Синоптиктер 18-желтоқсанға дейін аяздың құрсауынан шықпасымызды хабарлап жатқанын ескерсек, жол машақатын әлі де тартатын түріміз бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив