KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

Полиция борышкерді тапты: ол танысына 145 млн теңге қарыз

Фото: Polisia.kz

27.09.2024, 11:00 805 Ержан Әбіш

ШҚО полицейлері танысына 145 млн теңге қарызын қайтармай жүрген азаматты анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Өскемен полициясына қала тұрғыны ұзақ уақыт бойы оған 145 миллион теңге ақшасын қайтармай жүрген және байланысқа шықпай жүрген танысын іздестіру туралы өтінішпен жүгінген.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушының қазір Қостанай қаласында тұратынын анықтаған. Ол жиналған қарызды өндіру үшін сот орындаушыларына тапсырылды.

Жыл басынан бері ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері 40-тан астам борышкерді іздеп тапқан.

Бір күн ішінде Шығыс Қазақстан полицейлері жалпы сомасы 600 мың теңгені құрайтын әкімшілік айыппұлдарды жинап, қасақана төлеуден жалтарған бес борышкерді анықтағанын айта кету керек.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу