KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Оңтүстік Кореяның Сонгдо қаласында ШҚО мүмкіндіктері шектеулі жастары сертификат алды

12.11.2012, 18:00 140


Оңтүстік Кореяның Сонгдо қаласында «Мүгедек жастарға арналған ғаламдық ақпараттық технологияның қыр көрсетуі» 22-ші Халықаралық конференциясы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Халықаралық конференцияға 26 Азия елдерінің өкілдері қатысты.

Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы мүмкіндіктері шектеулі жастары Айгүл Абзалбекова, Алина Құсайынова, Алексей Рымарев, Ануар Медетхановтар да бар.

е-Life (Web browser) бағдарламасы бойынша Абзалбекова Айгүл, e-Sports бағдарламасы бойынша Медетханов Ануар сертификат алды.
Конференцияға қатысушыларды Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту жөніндегі Кореялық қоғамның өкілдері жылы қарсы алды, мәдени-танымдық бағдарламаларды ұйымдастырды.

Конференция біздің мүмкіндіктері шектеулі жастарымыз үшін айтулы оқиға болды. Бұл дегеніміз қоғам мүмкіндігі шектеулі жандардың біздің ортамызда өздерін тең сезінулері үшін көмектесу және оларды қолдау қажет екендігінің көрсеткіші.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив