KZ
Өскемен
пасмурно жел 7 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

«Азия Авто» зауыты KIA автокөлігінің жаңа моделін сатылымға шығарды

17.09.2012, 18:00 156


Шығыс Қазақстандағы, Өскемен қаласында орналасқан «Азия Авто» зауыты үш есікті KIA Cerato Koup моделін сатылымға шығарды. Аталмыш автомобиль Қазақстан автоөндірісіндегі спорттық үлгіде шыққан ең алғашқы көлік болмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Cerato Koup (Черато Куп) еліміздегі С класына жататын ең өтімді көліктер санатындағы KIA Cerato көлігінің негізінде құрастырылған. Үш есікті темір тұлпар, бұрынғы үлгісінен ішкі көлемімен ерекшеленеді. Седандық үлгіге жататын көлік негізгі үлгідегі KIA Cerato автомобилінен бірнеше сантиметр ғана қысқа болып келеді. Есігі үшеу-ақ болғанмен, Cerato Koup салонына 5 адам ешқандай қиындықсыз еркін жайғаса алады.

«Азия Авто» АҚ директоры Ержан Мәндиевтің айтуынша, KIA Cerato Koup көлігі өз класында үлкен сұранысқа ие автокөлік болмақ.

– Қалаға арналған осы типтегі көліктер Қазақстан нарығында тек люкстік брендті автомобильдер болып келеді. Бұлар – өте қымбат көліктер.

Біз осы жағдайды түзетсек дейміз.

Жаңа автомобиль үлгісін құрастыра отырып, біз өз тұтынушыларымызға ерекше стильді темір тұлпарларды қолжетімді бағамен ұсына аламыз, – дейді Ержан Мәндиев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив