KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
476.27 515.47 5.41

Сөре Олимпиада туралы сыр шертеді

9.08.2012, 18:00 82


Қалалық кітапханада биылғы Олимпиада ойындарына арналған «Әлемдік спорт өмірі» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды.

Сөреге Олимпиада ойындарының тарихы туралы басылымдар қойылды. Б.Хавиннің «Бәрі де Олимпиада ойындары туралы» кітабында дүниежүзіндегі Олимпиадалық қозғалыстар баяндалған. Өскемендік журналист-жазушы Оңдасын Елубайдың «Ежелгі Эллада елінде» кітабы халықаралық жарыстарда біздің облысымыздың намысын қорғаған Шығыс Қазақстанның атақты спортшылары мен жаттықтырушыларына арналған. Сонымен қатар бұл сөреден шахмат және экстремалды спорт түрінің жанкүйерлері өздерін қызықтыратын мәліметтер ала алады. Сөреде Лондон қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындары баспасөз материалдары да жетерлік.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив