KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

Ұлттық өнер дәріптелген күн - Өскемен

5.07.2024, 19:00 149 Ынтымақ Толқын

Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Осы киелі аспапты дәріптеу мақсатында, әрі домбыра күніне орай Өскеменде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ADK-River сауда орталығында ұйымдастырылған домбыра патиге қатысушылардың жасына шектеу қойылмады. Өскемен қаласы әкімдігі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға елуден астам адам қатысты.

- Бүгінгі біздің өткізіп жатқан іс-шарамыз қазақтың ұлттық өнерін дәріптеп, ұлттық аспапты насихаттауға бағытталған. Бұған қаламыздың ең белсенді, ең өнерлі деген жастары қатысуда. Осыған дейін әлеуметтік желілерде домбыра пати болатыны туралы хабарлағанымызда қатысам деушілер көп болды. Оның өзі біздің ұлттық өнер мен ұлттық аспапқа деген құрмет. Біз де олардың жасына шектеу қоймадық. Қазір мұнда еңбектеген жастан еңкейген қарияға дейін жүр десем де болады, - деді қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Рахат Сәрсембекұлы.

Айта кетейік, ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісінде тойланып келеді.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив